Басты Жаңалықтар М. Рубио Израильдің Қатарға шабуылын сынға алды

М. Рубио Израильдің Қатарға шабуылын сынға алды

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Израильдің Қатардағы «Хамас» лидерлеріне жасаған шабуылын сынға алды. Алайда Марко Рубио бұл оқиға АҚШ пен Израильдің қарым-қатынасына нұқсан келтірмейді деп мәлімдеді. Бұған қоса Израильге екікүндік сапарында Рубио «Хамас»-тың кепіліндегі 48 азаматты босату және Газа секторын қалпына келтіру жайын талқыламақ. 

 Ал бүгін Қатарда араб-ислам елдерінің саммиті өтеді. Жиында Израильдің Дохадағы «Хамас» лидерлеріне жасаған шабуылы және оған жауап беру мәселесі талқыланбақ. Қатар үкіметі әуе соққысы Хамас пен Израиль арасындағы бейбіт келіссөздерге қауіп төндіріп тұрғанын мәлімдеді. Бұған қоса шабуылды «мемлекеттік терроризм» деп атады. Ал Израиль болса, өз әрекетін жақтады.  

 

 

Бөлісу