Басты Жаңалықтар Астана «OTBASY FEST» фестивалі өтті

Астана «OTBASY FEST» фестивалі өтті

Астанадағы Жетісу саябағында «OTBASY FEST» ауқымды фестивалі өтті. Отбасы күніне орайластырылған шараға мыңдаған жанұя қатысты. Олар өзара түрлі спорттық, шығармашылық байқауларға қатысты. Іс-шарада концерттік бағдарлама да ұйымдастырылды. Сондай-ақ отбасы құндылығы жайлы дәріс оқылды. Фестивальдің мақсаты — отбасы институтын нығайту, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу, ата-аналарды балалар тәрбиесіне белсенді қатыстыру.

 Іңкәр Тұрсын, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі басқармасының бас сарапшысы:

Әр күн әртүрлі тақырыпқа бағытталған. Дәл бүгінгі күн отбасымен бірге болуға арналған. Бүгін осы іс-шарамен қатар ағаш отырғызу секілді іс-шаралар да өтіп жатыр. Мерекелік концерттер де бар. Осындай іс-шаралардың ұйымдастырылуы отбасы құндылығын дәріптеуге бағытталады.  

 

Бөлісу