«Менің елім - Мәңгілік ел» экспедициясы Қостанайға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Менің елім - Мәңгілік ел» экспедициясы Қостанайға жетті

11.10.2014
«Менің елім - Мәңгілік ел» экспедициясы Қостанайға жетті

Қостанай - Сұлтан Баймағанбетов сынды батырды өсірген ел. Сондықтан автошеру облыс орталығындағы «Жеңіс» саябағынан қозғалысын бастады.

Бірыңғай отандық көлік мінген экспедиция құрамында 20 адам бар. Елбасының ақ батасын алып Ақтау қаласынан аттанған топ сапарын Алтайда аяқтамақ.

Олар жүрген жерлерінде жастармен жүздесіп, патриоттық рухтағы сұхбат құрады, концерттер ұйымдастырады. Тарихи орындарға тоқтайды, мәліметтер жинап, зерттеулер жүргізеді.

5-ші қазан күні жолға шыққан экспедиция бұған дейін еліміздің батысындағы 4 облысында болған.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу