Көкпекті ауылының тұрғындары жаңа үйлерге қоныстануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкпекті ауылының тұрғындары жаңа үйлерге қоныстануда

11.10.2014
Көкпекті ауылының тұрғындары жаңа үйлерге қоныстануда

Тәнзия Оразғалиева – үш баланың анасы. Бұрын-соңды саман кірпіштен тұрғызылған ескі үйде тұрып келген еді. Оны ерте көктемдегі тасқын су түбірімен шайып кетті.

Енді міне Үкіметтің қаржысына салынған 6 бөлмелі үйге қол жеткізіп, биылғы күз қуанышқа бөленді. Жаңа баспанаға тіпті су, кәріз құбырлары да тартылып берілген.

Одан қалды шығын болған дүние-мүліктерінің орнына деп 600 мың теңгеден астам қаражатты тағы бөліпті.

Облыстық бюджет тарапынан 49 үйді салуға 351 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді, дейід Көкпекті ауылының әкімі Бақытжан Смайылов.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу