Қарағанды облысындағы Көкпекті ауылының тұрғындары су шайған үйлерін жөндеуге берген қаражаттың жетпей қалғанын айтып шағымдануда. Енді олар Елбасына хат жолдамақ. Бұл жөнінде тұрғындар Бұқар жырау ауданының әкімімен болған кездесу барысында мәлім етті. Құрылған қоғамдық қорға 273 миллион теңгеден астам қаражат жиналған. Соның барлығы зардап шеккен жеке тұлғалардың шотына аударылып, енді бір бөлігі ауыл ішін қалпына келтіруге жұмсалған. Ал, жаңадан үйлер салу үшін облыстық әкімдіктің қосымша қорынан 350 миллион теңге бөлінген. Суға кеткен мал-мүліктің орны шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер есебінен толтырылыпты. Ал, қалған қаражатты тұрғындар кінәлі адамнан өндіріп алады, дейді жергілікті билік өкілдері.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ