Орал әуежайы қарашаның ортасында ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал әуежайы қарашаның ортасында ашылады

03.10.2014
Орал әуежайы қарашаның ортасында ашылады

Қыркүйекте жабылған Орал әуежайы 15 қарашадан кейін ашылады. Қазір әуежайдың ұшу-қону жолағы жөнделіп жатыр. Оған республика бюджетінен 6 миллиард теңге бөлінген.

Сондай-ақ, алдағы 5 жылдың ішінде Батыс Қазақстан облысында аудандарға қатынайтын жолдар толық жөнделіп бітеді. Бұл туралы бүгін Астанада облыс басшысы Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, Үкімет осы мақсатқа 20 миллиард теңге қаржы бөлуді көздеп отыр. Соның 6 миллиарды биыл берілсе, қалғаны екі бөлініп, 2015-2016 жылдары үлестірілмек.

Хабарламаларға жазылу