Орал әуежайы мерзімінен бұрын ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал әуежайы мерзімінен бұрын ашылады

30.10.2014
Орал әуежайы мерзімінен бұрын ашылады

Орал халықаралық әуежайын жөндеу жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталып келеді. Енді бірер күннен кейін әуе айлағы ұшақтарды қабылдай бастайды.

Енді мұнда бұрынғыдай шағын ұшақтар емес, алып әуе кемелері де қонатын болады.

Әуежайда апаттан құтқару станциясы салынып, ескірген сигналды жарық белгілері толық жаңартылады. Бұған қоса, Орал қаласынан 15 шақырым электр желісін тартуға 1 миллиард теңге бағытталады.

Рауан ДИӘЛИ

 

Хабарламаларға жазылу