Семейде спорт кешені ашылды

Семейде спорттың жекпе-жек түрлерінен әмбебап дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Нысан «Қазақстанның Бокс федерациясы» ассоциациясының тапсырысымен бой көтерген.
Құрылысына 230 миллион теңге жұмсалды. Кешенде көрермендердің жылжымалы орындары, бокс рингтері, арнайы жаттығу залдары бар. Күніне 250 адамға дейін қабылдауға қауқарлы. Спорттық ғимаратта бокстан бөлек, дзюдо, ауыр атлетика, таэквондомен де айналысуға болады. Қазақстанның кәсіби Бокс федерациясы алда еліміздің әр өңірінде осындай спорттық сауықтыру кешендерін ашпақ ойда. Әзірге алғаш болып Түркістан мен Семейде іске қосылды.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
2 палуанымыз Хорватияда медаль еншіледі
15.09.2025, 14:42
Бокстан әлем чемпионатына шолу
15.09.2025, 14:38
Бокстан әлем біріншілігінде Қазақстан көш бастады
15.09.2025, 14:35
Газа қаласынан 300 мыңдай палестиндік босып кетті
15.09.2025, 14:34
Филиппиндегі өрттен мыңдаған адам баспанасыз қалды
15.09.2025, 14:31
Өңдеу саласына инвестиция тарту маңызды
15.09.2025, 14:28
Білімге құштар жастар қоғамды алға жетелейді
15.09.2025, 14:25
Азаматтардың жеке деректерін таратқаны үшін берілетін жаза күшейеді
15.09.2025, 14:19