Басты Жаңалықтар Бокстан Әлем біріншілігінде Қазақстан көш бастады

Бокстан Әлем біріншілігінде Қазақстан көш бастады

Бокстан әлем біріншілігінде Қазақстан командалық есепте көш бастады. Қоржында 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль бар. Ал екінші орында Өзбекстан. Көрші мемлекет 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды. Үздік үштікті 2 алтын, бір күміс пен қола еншілеп, Үндістан түйіндеді. Төртінші, бесінші орындарға Бразилия мен Польша тұрақтады. Екі команда да бір-бір алтыннан бар.


Бөлісу