Басты Жаңалықтар Азаматтардың жеке деректерін таратқаны үшін берілетін жаза күшейеді

Азаматтардың жеке деректерін таратқаны үшін берілетін жаза күшейеді

Азаматтардың жеке деректерін таратқаны үшін берілетін жаза күшейеді. Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Президент жуырдағы Жолдауында Қазақстанды толық цифрлық мемлекетке айналдыруды көздейтін міндет жүктеген. Бұл үшін кешенді шара қабылдау, соның ішінде киберқауіпсіздік саласында ауқымды жұмыс атқару қажет. Президент кибералаяқтықпен күрестің маңызына да тоқталды. Отырыс соңында Мемлекет басшысы стратегиялық тәуекелдерді азайтып, киберқауіпсіздік мәселелерін жүйелі түрде шешу мақсатында бірқатар шара қабылдауды тапсырды.


Бөлісу