Парламент Сенатының депутаттығының сайлауына тіркелген 53 кандидаттың 14-і сайлаудан өз өтініштері бойынша шығып қалды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
Осылайша, қазіргі уақытта 1 қазанда өтетін сайлауға барлығы 39 кандидат қатысады. Республиканың 9 өңірінде 1 орынға 2 үміткерден келсе, 7 өңірде бір орынға үш үміткерден тіркелген. Қазіргі жасырын дауыс беруге арналған барлық бюллетень әзірленген.