Нысандар 450 қоғамдық көлік пен 500-ге жуық жеңіл автокөлікті табиғи газбен жабдықтауға қауқарлы. Үкіметтің қаулысына сәйкес, жуырда ел бойынша 85 газ бекеті салынуы тиіс.
Алматыда жыл аяғына дейін газбен қамтамасыз ететін орындар саны 7-ге жетеді деген жоспар бар.
Табиғи газды моторлы отын түрінде пайдалану әлемде соңғы он жылда жеті есеге өскен. 2003 жылы 5,4 миллиард текше метр болса, 2012 жылы 37 миллард текше метрді құрап отыр.
Айта кетейік, мұндай отын түрі көлік талғамайды. Алматы қаласы бойынша газ отынын пайдалану құрылғысын бар болғаны 40-тан астам жеке меншік автокөлік орнатқан. Дегенмен алдағы уақытта бұл отын түріне сұраныстың артатыны даусыз.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ