Газ құю бекеттерінің саны артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газ құю бекеттерінің саны артады

09.09.2014
Газ құю бекеттерінің саны артады

Қазақстанда 20-дан астам жанармай құю орны газ құю үшін қайтадан жабдықталатын болады. Мысалы, қазір елімізде 466 май құю бекеті көлікке газ толтыра алады.

Мұндай орталықтардың көбі Қарағанды облысында – 47, Қызылордада - 32, Маңғыстауда -122 орналасқан.

Ал, сарапшылар автокөліктердің жаппай газбен жүруі 2017 жылға қарай қолға алынады, деп санайды.

Айта кетейік, қазірдің өзінде Маңғыстау облысындағы май құю бекеттері газ толтыру орталықтарына айналған. Облыста 100 мыңға жуық көлік газбен жүреді.

Саламат ОМАШ

Хабарламаларға жазылу