Ақтөбе облысында газ құю бекеті өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында газ құю бекеті өртенді

17.07.2023

Ақтөбе облысы, Қобда ауылында газ құю бекеті өртенді. Зардап шеккендер жоқ. Сұйық отын тасымалдаушы көлік жерасты резервуарына газ құйып жатқан кезде өрт шыққан. Жер асты қоймасы мен көліктің артқы жағы бірден отқа оранды. Жалынды сөндіруге 24 маман мен 5 техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің жанкешті жұмысының арқасында жалын басқа нысандарға тараған жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.


Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу