Талдықорғанда Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен «Парасатты полицей» байқауы басталды

03.10.2018

9-шы рет өткізіліп жатқан сайысқа еліміздің әр өңірінен 200-ден астам тәртіп сақшысы қатысуда. Алғашқы күні  қатысушылар Текелі қаласындағы қарттар үйіне барып, сый-сияпат беріп, ән-жырдан шашу шашты. Рухани жаңғыру орталығында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланып, мемлекеттік тіл мәселесі көтерілді.

Жалпы байқау мақсаты - Ішкі істер органдарында қызмет ететін өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін жетік меңгеруіне ықпал ету. Сондай-ақ, кәсіби терминдерді дұрыс қолданып, қызметтік құжаттарды қатесіз рәсімдеуді үйрету. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу