Ақтауда «Парасатты полицей-2019» байқауы өтті

05.09.2019

Тәртіп сақшылары сахнада бақ сынады. Ақтауда Ішкі істер органдары қызметкерлері арасында «Парасатты полицей-2019» байқауы болды. Биыл 10-шы рет ұйымдастырылып отырған конкурсқа 21 команда қатысты. 

Байқау бірнеше кезеңнен тұрады. Жұмыс барысында полицейлердің кәсіби біліктілігі ғана емес, халықпен тіл табысуы, мемлекеттік тілді жетік білуі маңызды. Сондықтан сайыста қазылар алқасы тәртіп сақшыларының сөйлеу мәнері мен шешендігіне ерекше назар аударды.

Айжан Есімбекова, ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің бастығы:

Мемлекеттік тілдің мәртебесін полиция қызметкерлері арасында қолдану аясын кеңейту үшін жасалынып жатқан дүние. Менің ойымша, шараға қатысатын қызметкерлер арасында ерекше қызығушылық тудыратын, өздерінің күнделікті қауырт жұмысында ерекше серпіліс, тәжірибе аламасатын бір өзіндік алаңға айналды. Бұл мемлекеттік тілдің аясын арттыру бойынша да, жалпы полицейлерге ерекше көңіл-күй сыйлайтын шара деп білемін.

Хабарламаларға жазылу