Талдықорғанда студент қыз өз баласын саудаға салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда студент қыз өз баласын саудаға салды

09.09.2014
Талдықорғанда студент қыз өз баласын саудаға салды

Талдықорғанда студент қыз жаңа туған нәрестесін саудаламақ болды. Бір қызығы, баламды сатып алғандар, ақшамды толық бермеді, - деп тәртіп сақшыларына өзі хабарласқан.

Ал бойжеткен сәбиін сатудан түскен қаражатқа 1 жылдық оқуының ақшасын төлеуді жоспарлаған. Ол алдымен 40 мың теңгені қалтасына басқан, қаржының қалған бөлігін алу кезінде іске полицейлер араласты.

Енді сатушы да, сатып алушы да жауапқа тартылып, 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу