Жетісудағы мемлекеттік ЖОО-да швейцариялық университеттің орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісудағы мемлекеттік ЖОО-да швейцариялық университеттің орталығы ашылды

23.08.2022

Еуропалық университет Орталық Азия елдерінің, оның ішінде Қазақстанның бай мәдениетіне ерекше қызығушылық танытып отыр. Еуразиялық зерттеулер орталығы шәкірттер мен ғалымдардың өзара тәжірибе алмасуына ықпал етіп, ғылыми жобаларды бірге жүзеге асыруға мүмкіндік бермек. Алғашқы қадам ретінде шетелдік университеттің студенттері мен оқытушылары Талдықорғанда 2 апта бойы тіл үйреніп, қазақ халқының салт-дәстүрімен танысты. Келешекте осы үрдісті жалғастырып, оқу орындары студент алмасу мерзімін жарты жылға дейін ұзартуды жоспарлап отыр.

Петер Финке, университет профессоры (Швейцария)

Мақсатымыз - тек зерттеу ғана емес, оқыту, студент алмасу. Біздің студенттер қазақша үйренеді, қазақтың мәдениетін біледі.

Хабарламаларға жазылу