Жамбыл облысының Меркі ауданындағы Сазбұлақ шатқалында 10 гектар жерді өрт шарпыды. Оны өшіруге 130-дай адам мен 17 техника жұмылдырылды.
Алайда, өртті сөндіруге таулы аймақтағы қозғалыстың қиындығы кедергі болып отыр.
Мамандар әзірге өрттің шығуына тауға көтерілген аңшылар мен малшылар себепкер болуы мүмкін дегенді алға тартады.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы жиырма күннің ішінде Сазбұлақ шатқалында бірнеше рет өрт болып, 3 адам қайтыс болған.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ