Жарылыс орнында саперлер жұмыс істеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жарылыс орнында саперлер жұмыс істеп жатыр

29.08.2021

Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасында әскери саперлер жұмыс істеп жатыр. Олар мина тартқышпен жабдықталған бронды транспортерлерді пайдалануда. Қорғаныс министрі өрттен зардап шеккен қойма аумағын қарап шықты. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрімен және Жамбыл облысының әкімімен кеңес өткізді. Өрт салдарын жоюға қатысты бірлескен іс-қимылдар үйлестірілді. Негізгі күш-жігер халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу