Тараз қаласындағы орталық базарлардың бірінде тапа-тал түсте белгісіз азамат жеңіл автокөлігін қасақана өртеп жіберді.
Ол өзі мініп келген «Аudi 80» автокөлігін сауда орталығының тұрағына қойып кеткен. Соңынан көлік ішінен өрт шыққан.
Куәгерлердің айтуынша оның іші жанармай құйылған құтылар мен газ толы баллон салынған болып шықты.
Ал, жүргізушісі көлігінің есіктерін ішінен сым темірмен байлап, өзі бой тасалаған.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ