«Шымкент-Алматы» пойызында оқыс оқиға болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шымкент-Алматы» пойызында оқыс оқиға болды

24.01.2014
«Шымкент-Алматы» пойызында оқыс оқиға болды
 
«Шымкент-Алматы» пойызында бүгін түнде оқыс оқиға болды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
 
«24 қаңтар, 03 сағат 30 минутта Шу станциясына тоқтаған №12 «Шымкент-Алматы» пойызы №22 вагонының тамбурынан түтін байқалған. Жедел әрекет еткен пойыз бригадасы өрттің алдын алды. Вагонда 46 жолаушы болған. Олар басқа құрамаларға орналастырылды. Зардап шеккендер жоқ. Пойыз аталған бағдардан бір сағатқа кешікті. Вагон ағытылып, оқиға барысы тексерілуде», деп хабарлады  «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу