Тараздағы базарда өрт: Төрт адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараздағы базарда өрт: Төрт адам құтқарылды

28.01.2023

Өздеріңіз көрген мына кадрлар экшн фильмнен алынған үзінді емес. Тараздағы базарлардың бірінде болған өрт кезінде түсірілген. Бейнені №1 арнайы бөлімшенің қызметкері Шахрат Мұртаев әлеуметтік желіге салған. Видеодан құтқарушылардың алдымен төменгі қабаттан табылған адамды сыртқа алып шығып жатқанын көруге болады. Олар зардап шеккен төрт тұрғынды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған соң ғана тілсіз жаумен күреске кірісті. Алдын ала болжам бойынша, өртке екінші қабаттағы дүкендерде тез тұтанатын тігін заттары сақталғаны себеп болған. Жалпы қызыл жалын шамамен 1500 шаршы метрді шарпыды. Өрт орнында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 50-ден астам өрт сөндіруші мен 16 техника жұмылдырылды.

Серік Селеубай


Хабарламаларға жазылу