Қарағандыда алимент төлемей жүргендер үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда алимент төлемей жүргендер үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді

23.08.2014
Қарағандыда алимент төлемей жүргендер үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді

Қарағандыда алиментті төлемей жүргендер үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Айта кетейік, облыста 23 мыңнан астам борышкер бар екен. Безбүйрек әкелердің туған балалары алдындағы берешегі 168 миллион теңгеге жетіпті.

Сот орындаушылар олардан ақша өндірудің амалын тапты. Өздері бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырып, борышкерлерді еңбекке тартпақ. Жәрмеңкенің өтетін орны мен уақытын алдын ала телефон арқылы барлық борышкерге хабарлаған. Тіпті СМС хабарламалар да жолдапты.

Бұл күні халықты еңбекпен қамту бөлімі 650-ге жуық жұмыс орынын ұсынды. Өткен жылғы жәрмеңкенің нәтижесінде 156 борышкер жұмысқа орналасып, алиментті уақытылы төлей бастады, дейі мамандар.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу