Қарағандыда әскери ұжымдық оқу-жаттығу жиыны басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда әскери ұжымдық оқу-жаттығу жиыны басталды

18.08.2014
Қарағандыда әскери ұжымдық оқу-жаттығу жиыны басталды

Қарағанды облысындағы «Спасск» әскери полигонында ұжымдық келісімшарт аясында ұйымдастырылған «Өзара іс-қимыл – 2014» кешенді оқу-жаттығуы салтанатты түрде ашылды.

Оған Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Ресей және Тәжікстан мемлекеттері әскерлерінің жедел топтары мен арнайы мақсаттағы күштерінен барлығы 3 мыңға жуық қатысушы жиналды.

Заманауи үлгідегі 800 бірлік әскери техника ұрыс даярлығы аумағын түгелдей жапты. Бұған қоса авиациялық күштердің 30-дан астам соңғы жетістіктері көкке көтерілетін болады.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу