Президент әскерилермен жиын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент әскерилермен жиын өткізді

05.11.2021

Президент, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен кезекті Стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиыны өтті. Қорғаныс министрлігінде өткен шарада командалық-штабтық оқу-жаттығу мәселелері пысықталды. Мемлекеттік орган басшылары Президентке гибридті қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл шаралары мен мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыру жөнінде баяндады. Жиын қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қарулы Күштерін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.


Хабарламаларға жазылу