Маңғыстауда «Бекет-2020» әскери оқу-жаттығу жиыны өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда «Бекет-2020» әскери оқу-жаттығу жиыны өтті

10.09.2020

Маңғыстауда ауқымды әскери жаттығу өтті. «Бекет-2020» оқу-жаттығу жиыны аясында теңіздегі шекараны бұзған кемелерді құрықтау әдістері пысықталды. Шараға Қорғаныс министрі өзі қатысып, әскерилердің дайындығын тексерді. Матростар мен арнайы жасақ бірігіп, теңіз бен жағалаудағы маңызды нысандарды қорғаудың тактикалық амалдарын көрсетті. Аймақты көктен және су астынан барлау, сондай-ақ, жасырын имитацияланған кемелерді жаңа технологиялар арқылы анықтау жүзеге асырылды.


Хабарламаларға жазылу