Жарыс елімізде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында волейбол спортын дамытуды алғаш қолға алған халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Ауған соғысының ардагері Ырысбек Қамысовты еске алуға арналды.
Додаға еліміздің алты облысының спортшылары және Ұлттық құрама қатысты.
Павлодарда алғаш өткізілген турнир волейболшылардың қарымын сынап көру мақсатында ұйымдастырылды.
Болат АМАНБАЕВ