Әскерилер арасында волейболдан турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскерилер арасында волейболдан турнир өтті

15.03.2019

Астанада Қорғаныс министрінің кубогына арналған волейболдан турнир өтті. «Жас ұлан» республикалық мектебінде әскери қызметшілер арасындағы дәстүрлі жарыс биыл да жалғасын тапты. Сайыстың ресми ашылуына орай алғашқы допты қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың өзі берді.

Жалпы, турнирге министрліктің департамент, басқармаларының жүзден астам қызметкері қатысуда. Жарыс екі кезеңнен тұрады. Алғашқысында командалар өзара 4 үздікті іріктейді. Екінші кезең қорытындысы бойынша жарыс жеңімпазы анықталмақ.

Хабарламаларға жазылу