Астанада медицина қызметкерлері күні аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада медицина қызметкерлері күні аталып өтті

17.06.2015
Астанада медицина қызметкерлері күні аталып өтті

Сондай-ақ, мемлекеттік емес медициналық ұйымдар арасында өткен алғашқы байқауда ең сапалы емдеу орталығы марапатталды. Үздіктер қатарына үміткер 50 дәрігердің ішінде 2 дәрігер топ жарған.

Ал, конкурсқа қатысуға ниет білдірген 17 медициналық мекемеден Көкшетау диагностикалық орталығы ілгері шықты. Сондай-ақ, медицина саласындағы үздік менеджер марапатталды.

Салаға еңбегі сіңген қызметкерлер арнайы төсбелгілермен марапатталып, Ұлттық палата атынан мақтау қағазына ие болды.

Айта кетейік,  бүгінгі таңда халықтың 24 пайызы мемлекеттік емес медициналық орталықтарға жүгінеді. 

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу