Астанада Олимпиада күні аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Олимпиада күні аталып өтті

23.05.2015
Астанада Олимпиада күні аталып өтті

Бүгін - Олимпиада күні. Осыған орай, бір топ астаналықтар мәдениет және демалыс саябағына жиналып, түрлі қашықтыққа жүгірді.

Спорттық шараға қала тұрғындарымен қатар, Олимпиада чемпиондары, Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері де қатысты.

Жүгіруге ниет білдерген көпшілік 800, 1000, 1200 метр қашықтықта өзара бақ сынасты. Мүмкіндігі шектеулі спортшылар 100 метр қашықтыққа қол арбамен жарысып, үздіктері арнайы сыйлықтармен марапатталды. Айта кетейік, Олимпиада күні әлемде 1948 жылдың 23-маусымынан бері аталып келеді.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу