Еліміздің солтүстік және орталық облыстарында алдағы үш күн бойы жауын-шашын толастамайды.
Синоптиктердің болжамынша, сынап бағанасы түнде +13, күндіз +25 градус болмақ.
Қазақстанның шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында да алдағы демалыс күндері қысқа мерзімді нөсер-жаңбыр жауады.
Желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге жетеді. Ал, Батыс Қазақстанда күн ашық, жауын-шашынсыз болмақ. Мұнда сынап бағаны күндіз +28-35 градусты көрсетеді.
Шынар АСАНҚЫЗЫ