Еліміздің кей аймақтарында күн ысиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің кей аймақтарында күн ысиды

09.08.2014
Еліміздің кей аймақтарында күн ысиды

Демалыс күндері еліміздің кейбір аймақтарында күн ыстық болады, деп күтілуде. Әсіресе, Оңтүстік және Орталық Қазақстанда ауа температурасы +42 градусқа дейін көтеріледі.

Еліміздің солтүстік және шығыс аймақтары үшін биылғы жаз салқын, әрі жауын-шашынды болды. Қалыпты күн райы тек оңтүстік және батыс өңірлерде сақталған.

Алдағы демалыс күндері, яғни, 9-10 тамызда Орталық Қазақстанда ауаның температурасы +40 градус, ал оңтүстік аймақтарда +42 градусқа дейін көтеріледі.

Бұл жылдық орташа көрсеткіштен 3-7 градусқа жоғары. Тек 11 тамыздан бастап, солтүстік өңірлерде жауын-шашын болып, ыстық басылады деп күтілуде.

Саламат ОМАШ

 

Хабарламаларға жазылу