Қостанайда асыққан жүргізуші өмірімен қош айтыса жаздады. Жоғары жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан мотоциклдың иесі қарсы бағыттағы жеңіл көлікке барып соғылады. Қатты соққыдан ол жолдың жиегіне құлады.
Куәгерлердің сөзінше, жедел жәрдем қызметі келгенде, жүргізушінің халі жақсы болған. Мамандардың айтуынша, оқыс оқиғалардың көбі асыққан жүргізушілердің кесірінен болады. Сондықтан, жауапкершілікті арттырып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.