Павлодар тұрғыны жалған нөмірмен бір айда 64 рет жол ережесін бұзған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар тұрғыны жалған нөмірмен бір айда 64 рет жол ережесін бұзған

20.11.2020

Павлодарлық тұрғын бір айда 64 рет жол ережесін бұзған. Осы әрекеті үшін енді ол 1 млн 389 мың теңге айыппұл төлейді. Жалған нөмірмен жүрген 28 жасар жігіт күніне кемінде 2 мәрте ереже бұзған. Бейнекамераларға ілігетінін білсе де, жылдамдықты шамадан тыс арттырып, бағдаршамның қызыл түсіне жүрген. Тіпті, қарсы бағытқа шығып, апаттық жағдайлар тудырған. Қара түсті Nissan Sentra көлігі, әсіресе, қазан айында жол ережесін бұзуды жиілеткен. Сөйтіп полиция оның ізіне түскен. 

Жанна Белялова, Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Бұл жүргізушінің 1 млн 389 мың теңге әкімшілік айыппұл қарызы болған. Соны төлемей тоқтаусыз жүре беру үшін ол көлігіне жалған номер тағып, оларды үнемі ауыстырып отырған. Мұнымен шектелмей, қазанның 1-нен қарашаның 1-не дейін ғана 64 мәрте ереже бұзған. Айыппұл тұрағындағы көлігін ол енді берешегін толық өтеген соң ғана алады.

Болат Аманбаев

Павлодар

Хабарламаларға жазылу