Жетісу облысында мұғалімдер жол апатына түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында мұғалімдер жол апатына түсті

26.06.2023

Жетісу облысында екі мұғалім мен мектеп қызметкерлері жол апатына түсіп, әртүрлі дене жарақатын алған.

Төрт азамат Көктөбе орта мектебінің оқушылар лагерін жөндеу жұмыстарына жұмылдырылған. Алғашқы әскери дайындық пен информатика пәндерінің ұстаздары және күзетшілері жөндеу жұмыстарына қатысқаннан кейін қайтып бара жатқанда автокөлікпен аударылған. Қазір бір азамат жансақтау бөлімінде. Қалған үш адамның денсаулығына қауіп жоқ. Ал Ескелді аудандық білім бөлімінің өкілдері жол апатына түскен азаматтар балалар лагеріне әкелінген жиһазды түсіруге көмектесуге өз еркімен келген деп отыр.


Хабарламаларға жазылу