«Валют-Транзит банк» борышкерлеріне шетелге шығуға тыйым салынды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық сот актілерін орындау департаментінің өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша 90-ға жуық атқару өндірісінің банкке берешегі 67 млн 828 мың теңгеге жеткен. Аталған қарызын түгел өтемей енді борышкерлер шетелге шыға алмайды. Бүгіннен бастап борышкерлердің жолы жабылды. «Валют-Транзит банкі» ликвидациялық комиссиясының шағымы сот шешімімен санкцияланды. ҚР Атқару өндірісі және сот орындаушы мәртебесі туралы заңнамасының 33-бабына сәйкес, борышкерлер қарызын 2 ай мерзімінде өтеуі тиіс.
Ғани Мәліков, Алматы қалалық сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушысы:
Егер ол белгілі бір жағдайлармен қиындатылған және мүлікті сату жағдайлары болған кезде 4 айға созылуы мүмкін. Қазіргі таңда бұл борышкерлердің ешқандай мүліктік жағдайлары анықталмаған. Соған сәйкес біз борышкерлердің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына уақытша тыйым салуға құқылымыз.
Айгүл ЕРМАХАН