Лицензиясынан айырылған банктен ақша қайтарып алу жеңілдейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лицензиясынан айырылған банктен ақша қайтарып алу жеңілдейді

05.01.2021

1 мамырдан бастап лицензиясынан айырылған банктен ақшаңызды қайтарып алу жеңілдейді. Президент тиісті заңға қол қойды. Жабылып қалған банк салымшылары өтінішті енді агент банктің бөлімшесіне бармай-ақ, тікелей депозиттерге кепілдік беру қорына электрондық тәсілмен жібере алады. Мұндай мүмкіндік Tengri, Валют-Транзит Банк, Delta Bank, Qazaq Banki, Эксимбанк пен Астана банкінің салымшыларына қатысты. Сонымен бірге, банктегі кепілдік берілген соманы азаматтар енді зейнетақы шотына аудара алады. Бұдан бөлек, шетелдік банктердің елде ашылатын филиалындағы депозитті қорғау үшін олар міндетті кепілдік беру жүйесіне қосылады. 

Ақерке Бектас 

Хабарламаларға жазылу