Арнайы курстан өткен қызметкерлерге қонақүй бизнесінің сертификаттары табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арнайы курстан өткен қызметкерлерге қонақүй бизнесінің сертификаттары табысталды

17.07.2014
Арнайы курстан өткен қызметкерлерге қонақүй бизнесінің сертификаттары табысталды

Астанадағы туризмді, оның ішінде қонақүй бизнесі саласындағы қызмет көрсету сапасын арттыру туралы Астанадағы бір топ қонақүй қызметкерлеріне тренинг сабақ өткізіліп, халықаралық сертификаттар табысталды.

Дәрісті ұйымдастыруға Түркияның мәдениет және туризм министрлігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм комитеті мұрындық болды.

Қызметкерлер фронт офис, ресторан қызметі, жатын бөлмелер қызметі бойынша 10 күн бойы біліктілігін арттырды. Осылайша, EXPO-2017 көрмесі қарсаңында, жалпы туризмді дамытудағы маңызды қадам халықаралық деңгейдегі қонақүй қызметін қалыптастыру жұмысы басталып кетті.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу