Атырау облысында жол-көлік оқиғасында 4 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында жол-көлік оқиғасында 4 адам мерт болды

17.07.2014
Атырау облысында жол-көлік оқиғасында 4 адам мерт болды

Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам мерт болды. Атырау-Доссор трассасының 34-ші шақырымында Құлсары қаласының тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Mercedes-Benz» көлігінің тізгініне ие бола алмай, аударылып, жол бойынан шығып кеткен.

Қатты соққылардың салдарынан көлік ішінде болған 6 жолаушының үшеуі оқиға орнында жан тапсырды. Айта кетерлігі, жолаушылардың барлығы Павлодар қаласының тұрғындары.

Гүлнәзира Мұхтарова, ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Аударылған «Mercedes-Benz» көлігінің жүргізушісі және үш жолаушы Доссор ауылының ауруханасына жатқызылды. Өкінішке қарай, ауыр жарақат алған. Ал, тағы бір жолаушы ауруханада қайтыс болды. Осы оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабына сай қылмыстық іс қозғалды.

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу