Мереке күндері республика бойынша 137 жол-көлік оқиғасы тіркелген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мереке күндері республика бойынша 137 жол-көлік оқиғасы тіркелген

06.01.2015
Мереке күндері республика бойынша 137 жол-көлік оқиғасы тіркелген

 Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина мәлімдеді.

Оның айтуынша, 1-4 қаңтар аралығында республика бойынша 137 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 204 адам түрлі жарақат алған.

Төрт күннің ішінде  Алматыда 55 жол-көлік оқиғасынан 4 адам қаза тауып, 69 адам жарақаттанса, Алматы облысында 12 адам қайтыс болған.

Одан бөлек, Атырау облысы мен Қостанай облысында - 1, Ақмола облысында - 2, ал, Астана қаласында - 3 жол көлік-оқиғасы тіркелген.

Өткен жылы Жаңа жыл мерекесінен кейін 148 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 181 адам түрлі деңгейде жарақат алған.  

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу