Қарағанды облысында әскери мергендердің халықаралық жарысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында әскери мергендердің халықаралық жарысы басталды

16.07.2014
Қарағанды облысында әскери мергендердің халықаралық жарысы басталды

Қарағандыдағы Спасск әскери оқу-жаттығу аумағында «Алтын үкі-2014» халықаралық мергендер жарысы басталды. Сайысқа 20 команда қатысуда.

Оның жетеуі шет мемлекеттерден келген. Атап айтсақ, АҚШ, Ресей, Пәкістан, Қытай, Ұлыбритания, Йордания және Армения.

Қатысушылардың дені кем дегенде 10 жылдай әскери қызметте жүріп, оптикалық қарумен ұрыс жүргізуді жіті меңгергендер. Жарыс 5 күнге созылады.

Алғашқы күнгі сынақ - 150 метрде тұрған нысананы атып түсіруден және есте сақтау қабілетін тексеруден басталды.

Алдағы уақытта 1,5 шақырымдағы қарауытқанды қағып түсіру, қарауыл орнын ауыстыра жүріп ұрыс салу сынды кезеңдер күтіп тұр.

Ғалымжан Қасымбеков, мергендер тобының командирі ымкент):

Басты мақсат - бір-бірімізбен тәжірибе алмасу. Бұл жарыс 2009 жылдан бері  5-ші рет өткізіліп жатыр.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу