Қарулы күштер спартакиадасы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарулы күштер спартакиадасы өтуде

16.07.2014
Қарулы күштер спартакиадасы өтуде

«Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығында  еліміздің Қарулы күштерінің 12-ші спартакиадасы өтіп жатыр.

Шеберлікті шыңдауға арналған шарада  түрлі әскери және спорттық додалар бар.

Жыл сайын өтіп тұратын сарбаздар сайысы биыл қарудан нысана көздеу сынынан басталды. Қазақстаның барлық өңірлік әскери қолбасшылықтары мен бөлімшелерден 14 команда келген.

Құралайды көзге атқан мергендердің ең мықтысы күзде ТМД әскерлерінің арасында өтетін халықаралық сында ел намысын қорғайды.

Жалпы, мамандар  «Мұндай жарыстарда нысана көздеуден біздің елдің сарбаздарына тең келетіндер жоқ», - дейді.

Расул Мейірманов, «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы спорт бөлімінің бастығы:

Бүгінгі күні автомат атудан «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығы алда келе жатыр. Аэроұтқыр әскерлердің де, өңірлік қолбасшылықтардың да жауынгерлік дайындықтары өте жоғары.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу