Павлодарлық полицейлер оқушылар мінген автобусты апаттан аман алып қалды (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық полицейлер оқушылар мінген автобусты апаттан аман алып қалды (толығырақ)

02.07.2014
Павлодарлық полицейлер оқушылар мінген автобусты апаттан аман алып қалды (толығырақ)

Екібастұздық полиция қызметкерлерінің жанқиярлығы арқасында оқушылар мінген автобус жол апатынан аман қалғанын бұған дейін айтқан болатынбыз.

Павлодардан Екібастұзға келе жатқан автобусқа қарама-қарсы бағыттан «Honda» көлігі шыға келеді. Осы мезетте дәл ортаға полиция көлігі келіп килігеді.

 Жүйткіп келген «Honda»  тоқтап үлгермеген. Ал, мынау - соқтығыстан кейінгі көліктердің кейпі.

Полиция көлігінің жүргізушісі Абдысабыр Закиров ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Оның әріптесі Қанат Байысов та аман.

Жол тәртібін қадағалау ротасының экипажы балалар мінген автобусқа жолбасшы болып келе жатқан. Жігіттердің батылдығы арқасында оқушылар аман қалды.  

Николай Евтушенко, автобус жүргізушісі:

Егер олар көліктерін автобустың алдына қоймағанда мүлдем қиын болатын еді. «Хонда» қатты жылдамдықпен келіп соғылды. Екі рет аунады.

Қанат Байысов, жол полициясы инспекторы:

Шынын айтқанда, ойланатын уақыт та болған жоқ.

Болат АМАНБАЕВ

 

 

Хабарламаларға жазылу