Астана күніне орай қоғам тыныштығы үшін түн ұйқысын төрт бөлетін Ақмола облысының полиция қызметкерлеріне күтпеген тосынсый ұйымдастырылды. Облыс әкімдігінің атынан оларға 30 жаңа автокөлік сыйға тартылды.
Көлік кілттері облыс орталығындағы Абылайхан алаңында өткен салтанатты шарада табыс етілді. Мұндай құрметке ие болған құқық сақшылары Астана күніне құттықтау есебінде түнде Көкшенің көшелерінде автошеру өткізді.
Ринат Айтқожин, жол-патрульдік полициясының қызметкері:
Астана қаласы күніне орай облыс әкімдігінен жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне екі автокөлік сыйға тартылды. Қуаныштымыз. Жол-патрульдік полициясының құрылғанына сегіз ай толды. Бұл бізге көмек болады,- деп ойлаймын.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ