Құқық қорғаушылар тест арқылы іріктеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құқық қорғаушылар тест арқылы іріктеледі

18.08.2017

Құқық қорғау органдарына қызметке тұратындар үшін жаңа мүмкіндік. Оларды іріктеуге арналған тестілеу бағдарламаларына өзгерістер енгізілді. Яғни, кіші құрам үшін тестілеу оңтайландырылды. Бұл реформа жастарға жол ашып отыр. Қызылорда облысында жаңа бастама жақсы қолдау тапты. Құқық қорғау саласында қызмет еткісі келетіндер қатары арта түскен. Білімі мен біліктілігіне сенген әрбір азамат конкурсқа қатысып, өзі қалаған органға жұмысқа орналасуда. Құқықтық сауаты жоғары, білімі терең, заңды жетік білетін адам міндетін адал әрі абыройлы атқарады. 

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу