Басты Жаңалықтар Жемқорлар жауапқа тартылды

Жемқорлар жауапқа тартылды

Жемқорлар жауапқа тартылды
140-қа жуық орталық атқару органдарының басшылары, әкімдер мен олардың орынбасарлары сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің басшылығы Алматыда өткен көшпелі отырыста жариялады.
 
Қаржы полициясының жыл басынан бергі атқарған жұмыс қорытындысымен танысқан Рашид Түсіпбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жандандыруды тапсырды. Биылғы жарты жылда елдегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 16 пайызға артқан. Бюджет қаржысын ұрлау фактілерін анықтау 1,5 есеге, пара алу деректері де өскен.
 
 
Жазира ИСАЕВА
Бөлісу