Қайрат Мәми БАҚ басшыларын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Мәми БАҚ басшыларын қабылдады

25.06.2014
Қайрат Мәми БАҚ басшыларын қабылдады
Журналистер күніне орай Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларын қабылдады.
 
Кездесуде төраға отандық сот жүйесіндегі жаңалықтарды жұртшылыққа жедел жеткізудегі журналистердің еңбегін атап өтті.
 
Алдағы уақытта халыққа ұғынықты әрі шынайы ақпарат жеткізу мақсатында Жоғарғы сот бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыстың стратегиялық тұжырымдамасын әзірлеп, қабылдауды жоспарлап отыр.
 
Қайрат Мәми, ҚР Жоғарғы сот төрағасы:
Бұл бағдарламалық құжат біздің бірлескен жұмысымызды жаңа деңгейге көтеріп, азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға ықпал ететін болады. Тұжырымдамада сот жүйесінің ашықтығына және сот жүйесі мен журналистер арасындағы өзара байланыстың тиімді тәсілін іске асыру көзделген.
 
Сондай-ақ, бүгін «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
 
Мәдениет министрлігінің мұрындық болуымен жыл сайын өтетін байқауға биыл 150 жұмыс келіп түскен.
 
Нәтижесінде 4 аталым бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға дипломмен қоса, ақшалай сыйлықтар берілді.
 
Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу