Баласына сезікпен қараған әке әйелін пышақтап өлтірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баласына сезікпен қараған әке әйелін пышақтап өлтірді

12.05.2014
Баласына сезікпен қараған әке әйелін пышақтап өлтірді
Әйелін қызғанған Шымкент қаласының тұрғыны жұбайын пышақтап өлтірді. Жаңа туған баласына сезікпен қараған әке әйеліне 20 рет пышақ сұққан.   
 
Сорақысы сол – бұл айуандықты күйеуі омыртқасына операция жасатып, күтініп жатқан ұстазының жағдайын білмек болып келген қос шәкіртінің көз алдында істеген. Куәгерлер марқұмның күйеуі әйелін ретсіз қызғанып қана қоймай, қол жұмсайтын қатігез болғанын айтқан.
 
Мектеп оқушыларының алдында жұбайын жер жастандырған отағасы туыстары мен полицейлерге мән-жайды өзі хабарлап, бұлжытпай баяндаған.
 
Ал, анасын жоқтап, жартылай жетім атанған марқұмның бір ұлы мен екі қызы қасқой әкеге қатаң жаза беруін сұрайды. 
 
Севара Исраилова, марқұмның қызы:  
Папасы, мен адалмын, сөз беремін сізге. Мен балаларым үшін өмір сүріп келе жатқан әйелмін, деп менің алдымда сондай сөздерді айтты, бейшара анам.
 
Нұрлан ӘЛІМБАЕВ

Хабарламаларға жазылу