Алматы облысындағы Қызылағаш ауылы осыдан төрт жыл бұрын су тасқынынан зардап шеккен болатын. Талай шаңырақ ортасына түсіп, адамдар опат болды.
Сондықтан, елді мекен тұрғындары Қарағанды өңіріндегі Көкпекті халқының қызылсудан көрген қасіретін жақсы түсінеді. Олардың қайғыларына қабырғалары қайысты. Қаржы жинап, қолдарынан келгенше көмектесуге бел буды.
Сөйтіп, ауылдағы ағайын көкпектіліктерге азық-түлік тиелген арнайы жүк көлігін жөнелтті.
Әділбек Далбағаев, Ақсу ауданының әкімі:
Көкпекті ауылының тұрғындарын Қазақстан халқы қолдап, көмектесуге дайын.
Ботагөз Баймақашева, Қызылағаш ауылының тұрғыны:
Орнында бар оңалар деген. Ел-жұрт аман болса, Көкпекті ауылы да Қызылағаш ауылы сияқты жайнап, жарқырап, қайтадан орнына келеді деп ойлаймын.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ